"Тұңғыш Президенттің тарихи-мәдени орталығы" КМҚК
Қарағанды облысының мәдениет, мұрағаттар және құжаттама басқармасы

Бөлім қызметкерлері:

Бөлім басшысы

Павлик Валентина Васильевна

Экскурсия жетекшесі

Сағымбекова Тоғжан Базарбаевна

Экскурсия жетекшесі

Елеусизова Дильназ Болатбековна

Экскурсия жетекшесі

Нургалиева Асель Жасулановна

Музей қараушысы

Қордабаева Мәдина Төлегенқызы

 

Экскурсиялық-бұқаралық бөлімі- Тұңғыш Президенттің тарихи-мәдени орталығының негізгі құрылымдық бөлімдерінің бірі болып табылады. Оның қызметі мәдени-ағартушылық жұмыстарды жүзеге асыруға және әртүрлі жастағы келушілермен тікелей байланыс жасауға бағытталған.

Бөлімнің негізгі міндеті — Орталық қонақтарын еліміздің тарихи мұрасымен, маңызды оқиғаларымен және көрнекті тұлғаларымен таныстыру, азаматтық жауапкершілік сезімін, отансүйгіштік қасиетті және рухани-адамгершілік құндылықтарға деген құрметті қалыптастыру.

Бөлім жұмысының негізгі бағыттарының бірі-экскурсиялық қызмет. Экскурсиялар қазақ, орыс және ағылшын тілдерінде өткізіледі және келушілердің жас ерекшеліктері мен қызығушылықтарын ескере отырып бейімделеді. Бұл материалды түсінікті әрі тартымды түрде ұсынуға мүмкіндік береді.

Бөлім қызметкерлері білім беру ұйымдарымен белсенді жұмыс жүргізіп, музейлік сабақтар, интерактивті және дамытушы ойындар, зияткерлік викториналар, шығармашылық кездесулер, шеберлік сабақтары, дөңгелек үстелдер мен диалог алаңдарын ұйымдастырады. Мұндай форматтар қатысушыларға тек білім беріп қана қоймай, тарихи мол мәліметтер алуына    мүмкіндік береді.