18 шілде күні «Жасыл Ел» еңбек жасақтарының сарбаздары Теміртау қаласының тарихи-мәдени орталығына барды. Сапар металлургтер күніне арналған «Металлург — от мамандық иегері» атты танымдық іс-шара аясында ұйымдастырылды.
Шара барысында сарбаздар еліміздің металлургия саласының даму тарихымен танысып, Теміртаудың еңбек жолындағы елеулі орны туралы тың деректер алды. Сонымен қатар, металлург мамандығының маңыздылығы мен жауапкершілігі жайлы қызықты ақпараттармен бөлісілді.
Мұндай шаралар жасөспірімдердің кәсіби бағдарын қалыптастыруға және туған қаланың тарихын тереңірек тануға ықпал етеді.
