9 тамыз күні Тұңғыш Президенттің тарихи-мәдени орталығында Теміртау қаласының 80 жылдығына арналған ерекше кино кеші өтті. Кеш барысында көрермендер жүрекке жылы тиетін, әсерлі де әсем «Нурикамал» фильмін тамашалады. Қонақтар үшін фотосессия ұйымдастырылып, дәмді тәттілермен шай дастарханы жайылды. Балаларға арналған ойын-сауық аймағы да жұмыс істеді.
