Орталықта Ұлы Отан соғысындағы Жеңістің 80 жылдығына арналған ауған соғысының ардагері С.И.Арещенконың «Соғыс жолдары» атты жеке көрмесі өтті. Көрмеге бір кездері ең қауіпті бөлімде болған ауған соғысының ардагері, Теміртау қаласының тұрғыны, суретші және шығармашылық қайраткер С.И.Арещенконың жұмыстары қойылды.Көрменің ашылуы шығармашылық кездесу форматында өтті,оның барысында суретшның өмірбаяны, шығармашылығы, сүйікті тақырыптары мен идеялары туралы айтылды. Іс-шараға қатысқан Б.Момышұлы атындағы мектеп-лицейінің оқушылары және Ә.Молдағұлова атындағы облыстық мамандандырылған олимпиадалық резервтегі мектеп-интернат-колледжінің тәрбиеленушілері суретшіге өздерін қызықтыратын сауалдарын қойып, кездесуден ерекше әсер алып қайтты.
