Бүгін Германияның Детмольд қаласындағы Ресейлік немістер мұражайының мәдениет референті Эдвин Варкентинмен маңызды кездесу өтті.
Кездесу барысында ресейлік немістердің мәдени мұрасын сақтау, халықаралық ынтымақтастық және тарих пен мәдениет саласындағы бірлескен жобалар мәселелері талқыланды.
Мұндай сұхбаттар мәдениетаралық түсіністікті нығайтып, тарихи жадымызды сақтауға үлкен үлес қосады. Эдвин Варкентин мырзаға ашық диалог пен құнды пікір алмасқаны үшін алғысымызды білдіреміз!
