Орталықта Ұлы Жеңістің 80 жылдығы қарсаңында «Ерлік ешқашанда ұмытылмайды» атты ашық музей сабағы өтті. Іс-шараға қаламыздағы №9 мектеп-лицейінің оқушылары мен №8 жалпы білім беретін мектебінің оқушылары және ұстаздары қатысты. Музей сабағының мақсаты - жасөспірімдер арасында Қазақ халқынан шыққан Кеңес Одағының батырлары атағын алған қазақтың батырларының рухына тағзым етіп, ерліктерін дәріптеу, жастарды отансүйгіштікке тәрбиелеу. Сабақ жоғары деңгейде, қызықты өтті. Орталықтың атынан алғыс хаттар табысталды.
