"Тұңғыш Президенттің тарихи-мәдени орталығы" КМҚК
Қарағанды облысының мәдениет, мұрағаттар және құжаттама басқармасы

Орталықта №20 жалпы білім беретін мектептің 6-сынып оқушылары үшін Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік күніне арналған танымдық квиз-ойыны өткізілді.
Іс-шара барысында оқушылар Тәуелсіз Қазақстанның қалыптасу кезеңдерімен, маңызды тарихи оқиғаларымен және мемлекетіміздің дамуына қатысты тың деректермен танысты.