"Тұңғыш Президенттің тарихи-мәдени орталығы" КМҚК
Қарағанды облысының мәдениет, мұрағаттар және құжаттама басқармасы
Тұңғыш Президенттің тарихи-мәдени орталығында «Қанатын жайған - туған жер» облыстық тарихи-өлкетану байқауының қалалық кезеңі өтті. Оған 5-7 сынып оқушылары қатысты. Балалар туған өлкесінің тарихи ғимараттарының макеттерімен таныстырып, шығармашылық тұрғыдан ғана емес, тарих пен сәулетті терең білетінін көрсетті. Екінші кезеңде қатысушылар тарих және өлкетану бойынша зияткерлік викторинада өз білімдерін сынады. Іс-шара «Теміртау қаласының білім бөлімі» ММ-мен бірлесе өткізілді, туған өлкесінің тарихын білгісі келетін жас зерттеушілерді жинады.