"Тұңғыш Президенттің тарихи-мәдени орталығы" КМҚК
Қарағанды облысының мәдениет, мұрағаттар және құжаттама басқармасы

Қайырымдылық қызметі аясында Теміртау қаласының №5 және №8 мектеп-интернаттарының мүмкіндігі шектеулі балалары үшін «Жаңа жылдық шырша» қайырымдылық акциясы ұйымдастырылып, өткізілді.Шараның мақсаты - мерекелік атмосфера қалыптастыру, балаларға қолдау көрсету, оларға жағымды эмоциялар сыйлау және қоғам тарапынан назар мен қамқорлықты сезіндіру болды. Балаларға арналған ойындар, интерактивтер, қойылымдар және ертегі кейіпкерлерінің қатысуымен жаңа жылдық бағдарлама әзірленді. ҚІӘҚ демеушілік қолдауымен әрбір балаға тәтті сыйлықтар мен естелік сувенирлер табысталды.