"Тұңғыш Президенттің тарихи-мәдени орталығы" КМҚК
Қарағанды облысының мәдениет, мұрағаттар және құжаттама басқармасы
Орталықта «Ұлттық киім-ұлттың сәні» атты мерекелік іс-шарасы өтті. Наурыз мерекесі шашумен, ақсақалдардың ақ тілегімен ашылып, «Гюзель» үлгілі хореографиялық ансамбілі мен «Бэби шлягер» үлгілі балалар эстрада студиясы өнерпаздарының тамаша ән, бимен жалғасты. Мерекелік шарада еркін суретші, дизайнер-сәнгер Динара Алибаеваның жеке ұлттық киім үлгілерін «Силуэт» сән театрының қыздары сахнаға шығарды. Сондай-ақ, Орталық фойесінде Динара Алибаеваның жеке сурет көрмесі де қойылды. Аузы дуалы аталар батасын беріп, Орталық қызметкерлері «Көрісу» рәсімін көрсетіп, залға жиналғандарға құрмет жасап, бауырсақтан дәм татқызды, көпшілікке ерекше мерекелік көңіл-күй сыйлады.