31-мамыр Саяси қуғын-сүргін және ашаршылық құрбандарын еске алу күніне және ҰОС Жеңістің 80-жылдығына орай Долинка кентіндегі КарЛаг музейінде «Ұлы Отан соғысы жылдарындағы қуғын-сүргін саясаты» атты республикалық ғылыми-тәжірибиелік конференция өтті.
Бұл конференция – тарихи әділдікті қалпына келтіру, саяси қуғын-сүргінге ұшыраған азаматтардың есімін жаңғырту және ұрпаққа тағылым мақсатында ұйымдастырылды.
Конференцияға еліміздің жетекші жоғары оқу орындарының ғалымдары, тарихшылар, архив қызметкерлері, музей мамандары, докторанттар мен магистранттар қатысты.
Конференция тарихтың ащы сабақтарын ұмытпау, әділетсіздік құрбандарын еске алу және болашақ ұрпаққа бейбітшілік пен еркіндік құндылығын сіңіру бағытында маңызды алаң болды.
Біз өткенді еске алу арқылы әділдікке жақындаймыз. Тарих – тек өткенннің сабағы емес, болашақтың бағдаршамы.
Сонымен қатар, саяси қуғын-сүргін құрбандарын еске алып, оларға тағзым етіліп музей алаңындағы ескерткішке гүл шоқтары қойылды.