Орталықта Жұмысшы мамандықтар жылы аясында «Мамандықтың бәрі жақсы, қалауыңша таңдап ал» атты ашық іс-шара өтті. Іс-шараның мақсаты - қала мектептерінің түлектерін мамандықтарға ерте бейіндеу, оларға жұмысшы мамандықтары туралы қажетті ақпарат беру арқылы мамандықты дұрыс таңдауға ынталандыру. Іс-шараға Теміртау жоғары медициналық колледжінің, Теміртау жоғары политехникалық колледжінің, Теміртау кәсіптік-техникалық колледжінің, Теміртау техникалық колледжінің оқытушылары мен студенттері және Әлихан Бөкейхан атындағы мектеп-гимназиясының, №2, №3, №10 жалпы білім беретін мектептердің оқушылары мен мұғалімдері қатысты. Іс-шара жақсы өтті.
