18 мамыр - Халықаралық музейлер күні қарсаңында Қарағанды қаласында «Достық Үйінде» «Музей ісінің замамануи талаптары мен болашағы» атты музей қызметкерлерінің облыстық форумы өтті. Форум жұмысын «Қарағанды облыстық мәдениет, архивтер және құжаттама басқармасының басшысы Ғалымжан Өтелбайұлы ашты. Форумға қатысушылар облыс музейлері экспонт аттары бойынша әзірленген «Музей вернисажы» атты көрмені тамашалап, археологиялық зерттеулер, мәдениет және материалдық емес мәдени мұра, әлеуметтік желіні қолдану, музей туризімі секілді өзекті мәселелер бойынша спикерлердің баяндамаларын тыңдады. Мұнан әрі форум жұмысы салтанатты марапаттауларға жалғасты. Кәсіби мерекеде марапатталғандардың арасында Тұңғыш Президенттің тарихи-мәдени орталығының қызметкерлері Жухай Айнешка пен Абсатова Аинаштар да бар.
