"Тұңғыш Президенттің тарихи-мәдени орталығы" КМҚК
Қарағанды облысының мәдениет, мұрағаттар және құжаттама басқармасы

Орталықта  Абай Құнанбайұлының 180 жылдығына орай өткізілген «Өлең-сөздің патшасы, сөз сарасы» атты  онлайн-байқаудың жеңімпаздары марапатталды. Байқауда жеңіске жеткендер - бала тәрбиелеп отырған жас ана Утегенова Фариза, «Озат» ақпараттық  технологиялар  мамандандырылған мектеп-лицейінің  оқушысы Тогтоомурат Раушан, ТТК қызметкері Сейсекеева Гульжан диломдармен және бағалы сыйлықтармен марапатталды. Жеңімпаздарды шын жүректен құттықтаймыз!

Өлең – сөздің патшасы: Теміртауда Абай оқулары өтті
Теміртауда қазақтың ұлы ақыны Абай Құнанбайұлының 180 жылдық мерейтойына орай ұйымдастырылған онлайн мәнерлеп оқу байқауының жеңімпаздары марапатталды. Іс-шара Тұңғыш Президенттің тарихи-мәдени орталығында өтті. Байқау 15 пен 45 жас аралығындағы қала тұрғындары арасында ұйымдастырылып, қатысушылар Абайдың өлеңдері мен қара сөздерін мәнерлеп оқып, бейнематериалдарын әлеуметтік желілерде жариялады.