Орталықта Алаш қайраткері Мұстафа Шоқайдың туғанына 135 жыл толуына орай «Алаш көсемі-Мұстафа Шоқай» атты ашық іс-шара өтті. Іс-шарада Қарағанды ұлттық зерттеу университетінің профессоры, ғалым Нұрсахан Бейсенбекова «Мұстафа Шоқай еңбектеріндегі ұлттық идея» тақырыбында баяндама жасады және Астана қаласындағы Мұстафа Шоқай атындағы №51 мектеп-гимназиясының «Мұстафа Шоқай мұрасы» атты көшпелі музейі келіп, Алаш зиялысының өмірі мен еңбектері жайымен кеңінен таныстырды.
