"Тұңғыш Президенттің тарихи-мәдени орталығы" КМҚК
Қарағанды облысының мәдениет, мұрағаттар және құжаттама басқармасы

Орталықта Астана қаласының ҚР Тұңғыш Президент Музейінің ұйымдастыруымен Халықаралық музейлер күніне арналған ашық іс-шара өтті. Іс-шараға Тұңғыш Президент Н. Ә. Назарбаевтың замандастары, Шамалған қаласынан келген ҚР Тұңғыш Президенттің «Атамекен» тарихи-мәдени орталығының қызметкерлері, Қарағанды облысының музей қызметкерлері, Е.А.Бөкетов атындағы Қарағанды университетінің оқытушылары мен студенттері, ҚарИУ қарасты техника-экономикалық колледжінің студенттері қатысты. Іс-шара барысында ҚР Тұңғыш Президенті Н.Ә. Назарбаевтың замандастарымен кездесу өтті, Тұңғыш Президент Музейі мен Тұңғыш Президенттің тарихи-мәдени орталығы және ҚР Тұңғыш Президентінің «Атамекен» тарихи-мәдени орталығы арасында ынтымақтастық меморандумдарға қол қойылды. Орталық қорына артефактілер тапсырылды, Тұңғыш Президент музейі қорларынан «Уақыт палитрасы» атты көрмесі ашылды және «Тәуелсіз Қазақстанның тарихи мұрасын сақтаудағы жад институттарының рөлі» атты кәсіби сессия өтті. Іс-шара жоғары деңгейде өтті.