Орталықта Кеңес әскерлерінің Ауғанстан жерінен шығарылғанына 36 жыл толуына орай «Ауғанда болған жауынгер» атты музей сабағы өтті. Соғыс ардагерлерімен кездесуге қаламыздың Бауыржан Момышұлы атындағы мектеп-лицейінің «Жас сарбаз» кадет әскери сыныптарының оқушылары, Ғабиден Мұстафин атындағы мектептің және №2, №4 мектептердің жоғарғы сынып оқушылары қатысты. Есімдері ерекше сипатқа ие ардагерлерді құрметтеу - бүгінгі ұрпақтың парызы. Сабақтың мақсаты: оқушыларды Ауған соғысы тарихымен тереңірек таныстырып, білімдерін нығайту және патриоттық тәрбие беріп, туған жерге деген құрметі мен сүйіспеншілігін арттыру. Сабақ қызықты және жоғары деңгейде өтті.
