"Тұңғыш Президенттің тарихи-мәдени орталығы" КМҚК
Қарағанды облысының мәдениет, мұрағаттар және құжаттама басқармасы

Орталықтың қызметкерлері қаламыздың №17 ЖББМ жанындағы жазғы демалыс кезеңінде мектепішілік лагерьлер балалары үшін «Қауіпсіз жаз!» атты іс-шара өткізді. Балалар қауіпсіздігін сақтау туралы түсіндіру кеңестерін беру үшін Теміртау қаласы ТЖБ-ның аға инженері азаматтық қорғау аға лейтенанты Байбосынов Р.Е. және №4 емхананың фельдшерлері Елегенова Ш.Б. және Рахыманберді Л.Ш. қатысып, балаларға төтенше жағдай кезінде алғашқы медициналық көмек көрсету және өзін қалай ұстау керектігі туралы пайдалы кеңестер берді.