"Тұңғыш Президенттің тарихи-мәдени орталығы" КМҚК
Қарағанды облысының мәдениет, мұрағаттар және құжаттама басқармасы

Теміртаулық экскурсовод республикалық байқауда жүлдегер атанып, ІІІ орынды иеленді
Теміртау қаласындағы Тұңғыш Президенттің тарихи-мәдени орталығының жас экскурсоводы Дильназ Елеусизова ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігі ұйымдастырған «Үздік экскурсовод» республикалық байқауында жүлделі үшінші орынды иеленді. Мұражай саласындағы еңбек өтілі небәрі бір жыл болса да, Дильназ өзін талантты әрі ерекшеленетін маман ретінде танытып үлгерді. Байқауға ол бейневизитка, мұражай туралы бейнепрезентация ұсынып, Тұңғыш Президент мұражайының алты залын қамтитын авторлық онлайн экскурсия өткізді