«Жыр алыбы-Жамбыл» атты ашық музей сабағы
Қазақ халқының ақыны Жамбыл Жабаевтың туғанына 180 жыл толуына орай Орталығымызда «Жыр алыбы-Жамбыл» атты ашық музей сабағы өтті. Іс-шараға ардагер-металлург Айтжан Исақов, Әлихан Бөкейхан атындағы гимназиясы мен №8 ЖББМ оқытушылары мен оқушылары қатысып, ақынның өмірі мен шығармашылығымен танысты. Ақын жырларын жатқа оқыды. Алматы қаласындағы Жамбыл Жабаев атындағы әдеби-мемориалдық музейінен онлайн экскурсияны тамашалап, ерекше әсер алды.